+7 /7172/
55 14 00
info@astanasolar.kz

You are here

Компания туралы

 «Astana Solar» ЖШС – «KazPV» қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлі модульдер өндірісін құру» жобасын жүзеге асырып келе жатқан, уран өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып табылатын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны.

2012 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздегі тұңғыш фотоэлектрлі модульдер  өндіретін «Astana Solar» зауыты іске қосылды. Зауыт құрылысы «Қазақстан Республикасы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының» және «Қазақстанды индустрияландыру картасының» бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты – Қазақстанда кремнийді өндіру мен өңдеуден бастап күн панельдерін құрастыруға дейін фотоэлектрлі модульдер өндірісінің тіке-интеграцияланған толық циклін құру. Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасын іске асыру мен «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жобаның өзектілігі арта түседі.

«Astana Solar» ЖШС екі типтегі фотоэлектрлі модульдерден бастап түрлі қуаттағы дайын күн электр станцияларына дейін өндірілетін өнімдердің кең ауқымын ұсынады. Кәсіпорын сондай-ақ монтаждау қызметтерін, сервистік қызмет көрсетуді ұсынады. Кәсіпорын толығымен клиентке қызмет көрсетуге бағдарланған, түрлі: күн панельдерін тікелей сату, мамандар кеңесі, жаңа өнімдер жасау, инсталляция (СМР) формаларында ынтымақтастық жасауға дайын.

Зауыт еуропалық автоматтандырылған жаңа буын жабдығымен жарақталған, жылына жалпы қуаттылығы 50 МВт болатын дайын фотоэлектрлі модульдер өндіруге мүмкіндік береді, болашақта жылына 100 МВт дейін жеткізу жоспарланып отыр. 

Кәсіпорында сапа менеджментінің, экологиялық менеджменттің және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің ISO 9001:2008, ISO 14001:2006 және OHSAS 18001:2007 сәйкес интеграцияланған жүйесі енгізілді; фотоэлектрлі панельдерді сату үшін «Certisolis» IEC61215/IEC61730-1/IEC61730-2 Халықаралық сапа стандартының сертификаты, CT-KZ  тауардың шығу тегі туралы сертификаты, құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік лицензия алынды.   

Кәсіпқой кадрлар – түрлі бейіндегі 200 аса қазақстандық мамандар еңбек ететін «Astana Solar» кәсіпорнының мақтанышы. Олардың көбісі жетекші отандық және халықаралық жоғарғы оқу орындарын бітіргендер және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлектері болып табылады. Зауыт жұмыскерлеріне біліктіліктерін арттыру мен мансаптарының өсуіне мүмкіндіктер берілген. Кәсіпорында персоналды кәсіби дамытуға, олардың білімі мен құзіретін тереңдетуге, тұлға ретінде өсуіне бағытталған жобалар жұмыс істейді. Оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтары өткізіледі, оқу орындарымен ынтымақтастық дамып келеді.

Біздің серіктестеріміз